ҰБТ-ға арналған «қызықты» сұрақ ұсынамыз

Dalanews 08 нау. 2017 16:49 420

Өткен аптада мектеп бітірушілерге арналған ҰБТ-ны құрастырушылар тест сұрақтарына шоу-бизнестің өкілдерін кіргізіп, айды аспаннан шығарды.

Бұдан кейін бұл мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрінің өзі жауап беруіне тура келді.  Өз кезегінде Ерлан Сағадиев тест сұрақтарында Баян Мақсатқызы мен басқа да шоу-бизнес өкілдерінің енуінен еш әбестік жоқ екен айтып, қайта олар түлектерді қызықтырып, емтиханға деген дайындыққа жағымды әсер ететінін атап өтті.

Біз білетін тест сұрақтары мектептегі оқу құралының негізінде дайындалушы еді. Сол себепті ойламаған жерден шоу-бизнес өкілдерінің ҰБТ сұрақтарына еніп кетуі біз үшін қызық болып көрінгенін жасырып қайтеміз. Әлде олардың «ерен еңбегі» жайында мектеп оқулықтарында жазылған ба? Не десек те бұл – ноу-хау болып тұрғаны анық.

Мамандар мектеп бітіруші түлектерді сынаққа қызықтыру үшін жасағанын айтты ғой. Ендеше министрілік мамандары біздің дайындаған мына бір сұрағымызға назар аудартын шығар деп үміттенеміз.  Сөз жоқ, бұл сұрақ жастар үшін қызық болатына сенімдіміз.



"ҚмД" ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x