Back
| DalaNews

Ерлан Саиров: «Сайлау әлеуметтік мәселелерді көтеретін жаңа лидерлерді іріктеуге мүмкіндік береді»

Өскемен қаласында өткен «Сайлау-2021: маңызы мен ерекшеліктері» атты сарапшылар кеңесінің отырысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров азаматтардың саяси белсенділігін арттыру керектігін айтты.

– Бүгінгі таңда ел халқының демократияға деген сұранысы жоғары. Ал барлық саяси процестер осы сұранысқа жауап беру мақсатында қолға алынуда.

Алдымызда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы келе жатыр. Бұл қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көтеретін жаңа лидерлерді іріктеудің мүмкіндігі. Осы орайда азаматтардың саяси белсенділігін арттыру керек.

Қазақстан тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекеттердің бірі. Міне, біз осыны сақтауымыз қажет. Саяси тұрақтылық – басты құндылық, – деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қоғам сұраныстарына орай заңға біршама өзгерістер енгізіліп, талай игі шаралар қолға алынуда.

– Бұл ретте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетін митинг туралы заңды айтуға болады. Ал сайлау туралы жаңа заңның нәтижесінде партия тізімінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота берілгендігі белгілі. Бүкіл әлемді қыспаққа алған коронавирус пандемиясына қарамастан елімізде әлеуметтік салаға баса мән берілуде. Соңғы 4 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам балабақша, 2 мыңнан астам мектеп салынған. Осындай оңды өзгерістердің арқасында халықтың билікке деген сенімі артып келеді, – деді Еуразиялық интеграция институтының директоры.

Өз сөзінде ол жұртшылықты Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

Тағы оқыңыз:

«Қоғамдық келісім» мекемесіне жаңа директор тағайындалды