Бұрынғы мен бүгінгі жазушының айырмашылығы

Dalanews 16 нау. 2017 08:05 498

Сафуан Шаймерденов 1987 жылғы 28 мамырда Қазақстан Жазушылар одағының пленумына қатысқан Г.Колбинге былай деген:
– Қазақстанның Орталық комитетінде сізден бұрын 12 хатшы болды. Солардың ішінде қазақ халқының есінде қалғаны – тек Мирзоян. Өйткені ол Голощекиннің геноцидінен болған ашаршылықты тоқтатты, қазақ халқын құрып кетуден аман алып қалды... Келгеніңізге 1,5 жыл болды. Осы уақыт ішінде қазақ халқының, ең болмаса басқалармен терезесі тең тұратындай не істедіңіз? Оларды «ұлтшыл» деп айыптап, балаларын алаңда қырып-жойғаннан басқа не нәрсені төңкеріп тастадыңыз? Қазақ халқы сізді Голощекин секілді тек жаман жағынан еске алатын болады, – депті. (Б.Төлепбергеннің "Біз білмейтін Желтоқсан" кітабынан алынды).

Бұл тек сол кездегі жариялылықтың арқасы ма, әлде зиялылардың батылдығы ма? Жазушылар одағының беделі қандай мықты болған? Қанша дегенмен, Колбин Қазақ КСР-інің бірінші басшысы болып, қаһарына мініп тұрған кез ғой.

 

Мұхтар СЕҢГІРБАЙ, журналист, конфликтолог маман.

(жазба автордың «Фейсбуктағы» парақшасынан алынды)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x