Елімізде жұмыс істейтін шетелдік бапкер өз елінде 540 мың долларға үй тұрғызыпты

Dalanews 14 желт. 2016 12:22 250

Павлодардың «Ертіс» клубының бас бапкері Димитар Димитров өзінің туған жері Болгарияның Бургас ауданында жер үй тұрғызды. Бұл туралы Болгарияның «Марица» басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

Мамандардың бағалауы бойынша тұрғын үй жер учаскесімен қоса есептегенде 1 миллион болгариялық левке түскен (540 мың доллар).

Димитров – Болгариядағы ең қымбат әрі сұранысқа ие бапкерлердің бірі. «Литекс» командасында жұмыс істеп жүргенде айына 200 мың доллар жалақы алатын. Ал «Левски», «Локомотив» (Пловдив) клубтары одан көп төледі.

Соңғы жылдары Димитар Димитров Павлодардың «Ертіс» клубында табысты еңбек етіп жүр. Жақында облыс әкімі «Құрметті азамат» атағын берді.

Жерорта теңізі анық көрініп тұратын зәулім үй әдемі шарбақтармен қоршалған. Ол бұған дейін Бургастағы кең сарайдай пәтерлердің бірінде тұрған еді.

Димитар Димитров жаңа үйіне шетелдегі келісімшарты аяқталып, Болгарияға оралған кезде тұрмақшы.

Айта кетейік, бұған дейін Димитровтың отандасы, «Астана» бапкері Станимир Стойлов 10 миллион еуроға футбол академиясын салып жатқаны хабарланған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x