Бейсенбі күні Иран әскери күштері Парсы шығанағында отын контрабандасына күдікпен екі кемені ұстады. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусы Әскери-теңіз күштері (ӘТК) хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.
Тексеру барысында кемелерден бір миллион литрден астам заңсыз отын табылғанын әскери өкілдер мәлімдеді.
Кемелер бортында 15 шетелдік экипаж мүшесі болған. Олар қылмыстық іс қозғау үшін сот органдарының өкілдеріне тапсырылды. ӘТК дерегінше, екі кеме де ауқымды желінің құрамында болып, соңғы бірнеше ай бойы отын контрабандасымен айналысқан. Ұстау алдында корпус әскери-теңіз күштері оларды бақылауда ұстаған.
Иран бұған дейін де Парсы шығанағында, оның ішінде өзге елдерге тиесілі мұнай танкерлерін ұстаған. 2025 жылдың көктемінде де дизель отынын заңсыз тасымалдады деген күдікпен осындай екі кеме қолға түскен еді.
