Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс: Путин өз қөзқарасын білдірді

Кәмшат Тілеухан 19 июн. 2025 10:01

Ресей Президенті Владимир Путин дүниежүзінің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында Иран мен Израиль арасындағы жанжалды барлық тараптың мүддесін ескере отырып келіссөз арқылы шешкен жөн болар еді деген пікірін білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, келісім Иранның бейбіт атомға – тек энергетикада ғана емес, толық құқылы болуын және Израильдің сөзсіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығын қамтуы керек.

"Жалпы алғанда, мұндай шешім табуға болады. Біз ешкімге ештеңе тықпаламаймыз, тек жағдайдан шығуға қатысты өз көзқарасымызды ұсынамыз. Бірақ түпкілікті шешімді Иран мен Израильдің саяси басшылығы қабылдайды", — деді Владимир Путин.

Айта кетсек,Кремльдің баспасөз қызметі РФ президенті Владимир Путин Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесіп, Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты талқылағанын хабарлады. Ресми хабарламада Путин Ресейдің тараптар арасындағы диалогты ілгерілету үшін арағайындық жасауға әзір екені және осыған байланысты бірқатар шетелдік көшбасшымен байланысқа шыққаны туралы айтылған.

 

 


Рекомендовать
Последние новости