Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған сайын туу көбейіп, оң өсім болады

Dalanews 16 нояб. 2023 09:23 772

Сансыз сапаның болмасы анық. Бүгін 20 миллионға жеттік. Жиырма миллионыншы қазақстандық үйінде төртінші бала, ал босанған әйел небәрі 27 жаста.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған сайын туу көбейіп, оң өсім болады. Бұл артық аргументті, дәлелді қажет етпейтіні сөзсіз.

Бала-шағасын асырайтын жұмысы, жылы үйі, кигізетін киімі, оқытатын оқу орны, ауырса дұрыс емдейтін дәрігері бар отбасылар бала туып, білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелейді.

Ал ондай ұрпақтың еліміз үшін маңызын соңғы жағдайлардың өзі көрсетіп отыр.

Одан бөлек 1 қаңтардан бастап балаларға арналған Ұлттық қорға 18 жасқа толмаған әр қазақстандық бүлдіршіннің шотына ақша түсіп отырады.


Бұны бір жағынан мемлекет тарапынан балаларға қатысты жасалған қамқорлық деп қабылдасақ, екінші жағынан әр қазақстандық ата-анаға баланың болашағын жоспарлауды үйретуге септігін тигізеді деп сенемін.

Бірақ сапаның жақсы болуының негізі сан мен мемлекеттік билік тарапынан жасалатын жағдайдан бөлек, ең бастысы әрі құндысы - ата-ана тәрбиесі мен махаббаты екенін естен шығармайық.

Әйгерім Серікжанова, саясаттанушы 


Рекомендовать
Последние новости