Халықаралық ІТ университетінде қаржылық сектордың сарапшылары бас қосты

Dalanews 13 нояб. 2015 02:59 1159

Ұлттық валютамыз теңгенің туған күніне орай Халықаралық ІТ университетінде «Дағдарыс тұсындағы менеджмент: тәжірибе, сараптама және дағдарыстан шығу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

_MG_1809-minҚаржы саласындағы жетекші мамандар, атап айтқанда «Тұрғын үй жинақ банкі» Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Алтынбеков, ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті директорының орынбасары Асқар Жанбақин, «ҚОР» мұнай компаниясының Директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі Жан Матақов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов, несиелік тәуекелді және кепілдікті бағалау басқармасының басшысы Клара Эрмакбаева біздің студенттермен жолығып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиынды университеттің академиялық сұрақтар бойынша проректоры Раиса Өскенбаева ашты. Келесі кезекте сөз алған Ұлттық банк төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті директорының орынбасары Асқар Жанбақин қаржы секторындағы сандық технологиялардың маңыздылығы туралы айтты. «Жаңа технологиялар қызмет көрсету деңгейін жаңа сапаға көтереді. Студенттер жаңа технологиялар жасап шығара беріңіздер, өз жұмыстарыңызды жеңілдетудің ең тиімді жолы осы» деді ол өз сөзінде.

Сарапшылармен тілдескен біздің студенттер көп нәрсені білді. «Тұрғын үй жинақ банкі» Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Алтынбеков «Тұрғын үй құрылыс банкіндегі дағдарыс тұсындағы менеджмент» туралы баяндама жасады. «Әрдайым клиенттер үшін жаңа және әмбебап дүние жасауға тырысыңыздар» деді өз сөзінде Қайрат Төреқұлұлы.

Жалпы мұндай кездесулер Халықаралық ІТ университетінің студенттері үшін Қазақстанның қаржылық секторындағы қазіргі және болашақтағы жағдаймен танысудың таптырмас мүмкіндігі болып саналады.

Халықаралық ІТ университетінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости