Вице-премьер: "Қала маңында тұратындар Алматы мен Нұр-Сұлтанға жұмысқа бара алады"

Dalanews 11 мая 2020 10:41 699

Блок-посттардың жұмысына қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Мәселен, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары кордонды ашуды сұрайды, бірақ Үкімет бұған әлі дайын емес.




Бұл туралы онлайн режимде өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тоғжановтың айтуынша, төтенше жағдай режимі жойылғанына қарамастан, жолдағы блок-посттар ары қарай өз жұмысын жалғастырады.

Алайда, қала маңында тұратындар қалаға, сол секілді қала ішіндегілер облысқа жұмысқа бара алады, тек әкімдіктердің бекітілген тізіміне сәйкес ол рұқсатты алуға болады.


Кешеден бері көптеген адамдар осы мәселені көтеріп жатыр, әсіресе оңтүстік аймақтың тұрғындары. Мысалы, Алматы қаласында тұратын адамдар Алматы облысына жұмысқа шыға алмай отыр, енді оларға ешқандай шектеулер жоқ. Бірақ бұл үшін осындай жұмысшылары бар компаниялар барлық тізімдерін осы аймақтардың штабтарымен келісіп, өткізуі керек. Осы бағытта қазір жұмыс жалғасуда, - деді Тоғжанов.

Тура осындай сұрақтар Нұр-Сұлтан мен елорда маңындағы тұрғындарды да мазалайды.

Біз бүгінге дейінгі кедергілерді сақтаймыз. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мен қала маңындағы жерлерге қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Дәл осындай мәселе Алматы қаласы мен Алматы облысының арасында туындады, сондықтан бұл мәселе күнтәртібінде тұр. Жол тосқауылдары бұрынғы режимде жұмыс істейтінін ерекше атап өткім келеді. Біз оларды алмаймыз, - деп сөзін түйіндеді Тоғжанов.

Айта кетейік, өңірлерде бірқатар салалардың жұмысқа кірісуіне рұқсат етілген.

Рекомендовать
Последние новости