Викинг қазақ жерінде пайда болған ба?

Dalanews 26 февр. 2015 22:29 1044

Кезінде норвегтің әйгілі зерттеушісі һәм саяхатшысы Тур Хейердал өзінің арғы аталары викингтер Қазақстан мен Ресейдің оңтүстік бөлігінен шыққан деп жорамал жасаған еді. Таяуда Хейердалдың қызы Беттина әке аманатын арқалап Қазақстанға келді. Ол әкесінің жасаған жорамалын ғылыми тұрғыдан анықтауға бекініп отыр.


Бүгінде Беттина Хейердал бастаған экспедиция Қарағанды мұражайларындағы адам қалдықтарын зерттеуге кірісіп кеткен. Олардың мақсаты – бабаларының отаны мен жүріп өткен жерлерін анықтау. «Кон-Тики» мұражайынының өкілі Беттина Хейердал:


– Әкем Қазақстанда болған емес. Мынадай көне жәдігерлерді көріп, таң қалар еді. Қазақстанда тарихи құнды мұралар жақсы сақталған, – деді. Жалпы адам қалдықтарының ДНК-сын зерттеу оңай емес. Ол үшін ғалымдар бас сүйектің ұсақ талшықтары мен тістердің үгіндісіне дейін үңілулері керек. Ал жиналған материалдардың барлығын өңдеп шығуға бірнеше жыл уақыт кетеді. Сондықтан зерттеу жұмыстарына қажетті сүйек қалдықтары мен тістер Копенгагендегі зертханаға жөнелтіледі. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң, Қарағандыға қайтарылмақ. Оның қорытындысы бойынша кең таралған үнді-еуропалық тайпалардың қай жерден шыққаны анықталады.


Рекомендовать
Последние новости