Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Көркем Алдабергенова 03 июл. 2025 17:01

Қаржы пирамидасына қатысы болғаны үшін сотталған вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Еске салсақ, 2023 жылдың маусымында Төребаев пен Шерниязов қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша кінәлі деп танылған болатын.

Олардың әрқайсы бес жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл іс бойынша қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Қазан айының соңында сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязыов Павлодар колониясынан тұрғылықты мекенжайы бойынша Алматыға этаппен жеткізілгені белгілі болды.

ҚАЖК бұл жағдайды "Алматы қаласындағы мекемедегі ұсталатын адамдар лимитінің ұлғаюымен" түсіндірді.

Желтоқсан айының басында ҚАЖК сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязыовтың жұмысқа орналасқаны туралы хабарлады.


Рекомендовать
Последние новости