Үйге басып кіріп, қарумен қорқытқан: Алматыда бірнеше адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 30 янв. 2026 10:14

Алматыда бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ мәліметінше, бірнеше адам тұрғын үйге заңсыз кіріп, иелеріне күш қолданып, өз талаптарын орындатуға тырысқан. Күдіктілер атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған. 

"Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде осы қылмысқа қатысы барлар ұсталды. Қауіп төндіретін заттар заңсыз айналымнан тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove