Үржардағы жол апаты: балалардың жағдайы қандай?

Көркем Алдабергенова 25 авг. 2025 11:46

Үржардан санавиация арқылы Астанаға жеткізілген балалардың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының дерегінше, 6 жастағы ұл бала травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. 9 жастағы қыз бала жансақтау бөлімінде. Ал үшінші бала авиациямен Семей медицина университетінің клиникасына жеткізілген. Онда заманауи медициналық құрылғылардың көмегімен жағдайы жан-жақты тексеріліп, қажетті ем жүргізілуде.

Бестерек ауылында 6 баланы қағып кеткен жүргізушінің «эпилепсия» диагнозы бар екені ресми түрде расталды. Осыған байланысты ол көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Үржар аудандық сотының төрағасы Шынар Оспанова мәлімдеді.

«Үржар аудандық соты Аңсабаевқа қатысты заң аясында қарау жүргізіп, көлік құралын басқару құқығын тоқтатты. Оның диагнозы бар. G 40.3 – “эпилепсия” синдромы анықталған. Қазір ол диспансерлік есепте тұр», – деді сот төрағасы.


Рекомендовать
Последние новости