ҰҚК Назарбаевтың сенімді серігі Елдос Қоспаевты Солтүстік Кипрден елге жеткізді

Dalanews 06 сент. 2023 13:03 1149

Бүгін ҰҚК былайғы ортада Болат Назарбаевтың сенімді өкілі саналып келген Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізгенін мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 6 қыркүйекте жүзеге асырған операциясының аясында Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі елге жеткізілген.

Бұл топ бұған дейін ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, оның мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.


ҰҚК операциясы шеңберінде шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жері анықталып, ұсталды.

Күдіктілер  ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметінің жауынгерлерінің айдауылымен Астанаға жеткізілді және қылмыстық қудалау органының қызметкерлеріне берілді.

Еске салайық, Алматы облысында Елдос Қоспаевтың өзі тұтас бір шатқалды басып алып, онда ешқандай рұқсатсыз нағыз ранчо тұрғызған. Бұл мүлікте ол жылқыларын ғана ұстамаған. Үйдегі хайуанаттар бағында аю, тіпті африкалық арыстандар жұбы болған. Сәнді үйде мини-кинотеатр, бассейн, спорт залы және банкет залы бар.

Рекомендовать
Последние новости