UAE SWAT Challenge: жүлденің үшеуі де – Қазақстанда

Самал Асқар 10 февр. 2026 09:52

Қазақстандық арнайы жасақ командалары UAE SWAT Challenge турнирінің үшінші күні барлық жүлделі орынды иеленіп, әлемдік рейтингтің көшін бастады, деп хабарлайды Dala News.

UAE SWAT Challenge сайысының үшінші кезеңінде қазақстандық командалар айқын басымдық көрсетті. «Kazakhstan A» командасы «Офицерді құтқару» тапсырмасын рекордтық 2 минутта орындап, кезең жеңімпазы атанды. Екінші орын «Kazakhstan B» командасына бұйырса, қола жүлдені «Kazakhstan C» еншіледі.

Тағы екі қазақстандық команда турнирдің үздік 20 қатысушысы қатарында. «Kazakhstan D» командасы 19-орында тұр. Ал «Tomiris» әйелдер командасы әйелдер арасындағы үздік нәтижені қайталап қана қоймай, көптеген ерлер құрамасын артта қалдырды.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте «Kazakhstan C» көш бастап тұр. Одан кейінгі орында – «Kazakhstan A». Осылайша, 48 елден келген 109 команда бақ сынап жатқан элиталық турнирде қазақстандық арнайы жасақ абсолютті лидерлер қатарында.

Алда жарыстың тағы екі кезеңі бар. Қазақстандық батырлар әлемдік додада жеңіс жолын жалғастыруда.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove