Тұрсынбек те тоқал алғалы жүр ме?

Dalanews 01 янв. 2017 16:46 1311

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова күйеуінің тоқал алуына түбегейлі қарсы екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтты.

Оған, әдеттегідей, тоқал алу мәселесіне қатысты көзқарасы қандай деген сұрақ қойылды. Бұған дейін тоқал алуға келгенде үрке қарайтын Мөлдір бұл жолы да сол көзқарасынан танбады.

«Жоқ мен қарсы болам. Неге мен дап-дайын, күшті, сүйкімді күйеуімді біреумен бөлісуім керек? «, — деді ол.

Оның айтуынша, Тұрсынбек оған олай айтпайды.

«Ал оған сізге келіп, мен осылай да, осылай, ғашық болып қалдым» десе ше?», — деді жүргізуші.

«Жоқ, Тұрсынбек олай айта алмайды, айтпайды. Мен қызғаншақ адаммын. Мен ондайға көне алмаймын, көнбеймін», — деп кесіп айтты Мөлдір.

Естеріңізге салсақ, осыдан біраз уақыт бұрын әнші Қарақат Әбілдина өзінің жары Қыдырәлінің туған күніне тоқал алып беремін деп жалпақ жұртқа жар салған болатын.

Сонымен бірге, оның өнердегі құрбысы Айнұр Тұрсынбаева да күні кеше тоқал алуға қатысты оң көзқараста екенін айтып, онда тұрған еш сөкеттік жоқ деген пікірін жеткізген.

Рекомендовать
Последние новости