Түркістанның алмасы ресейліктерді таңдай қақтырды

Dalanews 15 нояб. 2018 11:06 763

 Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан кәсіпорын Индустриялық бағдарлама аясында іске қосылған.

Мұндағы 110 мың гектар алқапта ең тәтті алма өсіріледі. Бау салған бағбандардың биылғы қол жеткізген өнімі де жаман емес. 2,5 мың тоннадан асып жығылады.

Алдағы меже – өнімділік көлемін 5 мың тоннаға жеткізу. Мұнда жер емген диқан алма мен қара өріктің шетелдік сұрпын жерсіндірген. Серіктестік құрған шаруа өнімді сақтау мен тасымалдау және оны қайта өңдеумен айналысады.


Бұл серіктестікте алманың 13 түрі бар.

«Негізінен бау-бақшада 5 сұрыптағы Италия, Түркия мен Голландияның алмаларына сұраныс жоғары», – дейді серіктестік басшысы Сапарбек Ержігітов. Мұнда бау шаруашылығын дамыту ерекше қолға алынған. Алқапқа алманы отырғызудан бастап, оның өнімін жинау, сақтау, жеткізіп беру барлығы жолға қойылған. 110 гектар алқаптың дені – алма. Ал 5 гектарға қара өрік егілген. Өнімді ұзақ уақыт сақтау үшін сыйымдылығы 15 мың тонналық қойма жұмыс істеп тұр.

Компания логистика мен тасымалдау мәселесін де реттеп қойған. 20 арнайы көлігі бар. Өнімдер Шымкент, Астана мен көрші Ресей базарларында саудаланып жатыр. Ал қыркүйек айынан бастап кәсіпорын шырын мен алма езбесін шығаруды қолға алған. Өнімді өңдеуге арналған негізгі құралдарды сатып алу үшін серіктестік «Агробизнес өңдеу» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған.

Рекомендовать
Последние новости