Түркістандық дәрігерлер инновациялық технологияның көмегімен 13 жасар қызды аяққа тұрғызды

Жарбол Кентұлы 26 сент. 2024 11:37 1398

Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сарыағаш қаласынан 13 жасар қыз баласы жеткізілген. Ауыр халде түскен пациентте қимыл қозғалысының шектелуі, аяқ-қолдарының салдануы, жамбас қуысының функциясының бұзылыстары байқалған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жағдайының ауырлығына байланысты науқас жедел түрде  жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл жағдай өте қауіпті және шұғыл медициналық араласуды қажет етеді. Жоғары технологиялық тексерулер өткізген дәрігерлер науқасқа «Жедел таралған энцефаломиелит» диагнозын қойды.

Мұндай сирек кездесетін неврологиялық бұзылыс көбінесе вирустық немесе бактериялық инфекциядан ауырып өткеннен кейін 7-14 күн аралығында пайда болады дейді мамандар.

Дер кезінде сырқаты анықталған науқасқа дәрігерлер иммуномодуляторлар, қабынауға қарсы препараттар емін жасаған. Нәтижесінде, емделушінің денсаулық жағдайы жақсарды. Барлық бұлшықет күші, қимыл-қозғалысы қалыпқа келе бастады. Аяқ-қолы салданып қалған жасөспірімге Түркістан облысының штаттан тыс бас балалар неврологы Әлібаев Әбілқайыр және жансақтау бөлімінің меңгерушісі Абетаев Нұрлыбек емдеу шараларын жүргізіп, оң нәтиже берді.

Осылайша, Түркістан облыстық балалар ауруханасының жоғары білікті дәрігерлері науқас өмірін құтқарып, оны қалыпты өмірге қайтарды.


Рекомендовать
Последние новости