Түркістанда Республика күні Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Dalanews 25 окт. 2023 15:32 1759

Түркістандағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Шара барысында алдымен Әнұран шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістандағы ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы  – 24 метр.

Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. Іс-шара «Көк тудың желбірегені»  әнімен түйінделіп, түркістандықтар бір-бірін мерекемен құттықтады.

Былтырдан бастап Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл – тәуелсіз еліміз үшін маңызды шешімдердің бірі. Республика күні – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы.



Бұл декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы болды. Декларация арқылы Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, саяси жолы бекітілді.

Сондықтан да Респубика күнін елдің еңсесін көтеріп, отаншылдықты дәріптейтін бастамалармен атап өту – маңызды. Мемлекеттік ту – елдіктің белгісі. Азаттықтың айбары. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – отаншылдық.

Былтырдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде ту көтеру рәсімі өтіп келеді. Соның ішінде қасиетті Түркістан төрінде де ұйымдастырылып жүр. Қазақ хандығының астанасы болған Түркістанда Көк тудың желбіреуі әрі құрметтелуі – заңдылық.

Биыл да Түркістан жұртшылығы маңызды мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, мемлекеттік рәміздер дәріптелді.

Рекомендовать
Последние новости