Түркістанда қоғамдық көліктер жаңаруда

Dalanews 17 апр. 2019 09:16 966

Түркістанда қоғамдық бағыттағы көліктер жыл соңына дейін толығымен үлкен автобустарға алмастырылмақ. Қазіргі уақытта 25 млн теңге тұратын «Yutong» маркалы 11 автобус  халық игілігіне қызмет көрсетуге дайын. Тіпті су жаңа көліктер №4 «А» және №30 бағыттарға шығарылды. Ертеңгі күннен бастап қалған автобустар №4, №5, №7, №10 №31 бағытында жолаушыларды тасымалдайтын болады.

«Кестеге сай күнделікті 270 қоғамдық көлік түркістандықтарға қызмет көрсетеді. Сапалы қызмет, тұрғындарға жайлылық сыйлау мақсатында шағын автобустардың орнына Қытай ХР-нан 2018 жылы шығарылған үлкен автобустар сатып алдық. Еуро-5 үлгідегі, яғни таза экологиялық автобустардың сиымдылығы 54 орынға лайықталған. Мамыр айында тағы да 10 автобусқа қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Жолаушы» ЖШС мекемесінің атқарушы директоры Медетбек Жұмагелдіұлы.

Жағымды жаңалық елең еткізгенімен «Жолақы бағасы өзгереді ме?» деген сауал туындайтыны анық. Бұл жөнінде қалалық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің басшысы Байдулла Оразбеков жолақы қымбаттайды деп алаңдауға еш негіз жоқ екендігін айтты.

 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости