Түркістанда екі жылда мыңға жуық азамат баспанамен қамтылды

Dalanews 19 мая 2021 03:53 1129

Түркістан облысында былтырғы жыл мен биылғы жылдың есепті кезіңіне дейін 1 мыңға жуық азамат баспанамен қамтылды. Қазіргі таңда облыс бойынша 42 883 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Убайдин мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуыша, баспана кезегінде тұрғандардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар.

– Қазіргі таңда, бір ғана Түркістан қаласының өзінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 13 010 адам кезекте тұр. Оның ішінде 3 258-і көпбалалы отбасылар, 5 565-і халықтың әлеуметтік осал топтары, 4001-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 185-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және 1-і баспанасы авариялық жағдайда деп танылған азамат. Заң талаптарына сай осы аталған азаматтарды үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді, – деді Б.Тоқбергенұлы.

Сондай-ақ, өз кезегінде «Отбасы банк» Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Әмір Нұрмұқанов үй кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік бағдарламаның шарапаты көптеп тиіп жатқанын сөз етті.

– Өңірде «Отбасы банкі» арқылы жылына 2 пайыздық жеңілдетілген несиемен үй алу үшін көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске асырылуда. Биылдың өзінде аталған жоба бойынша 1 269 отбасы өтініш білдірді. Ал, үй кезегінде тұрған азаматтардың қалған санаттары үшін «5-10-25» бағдарламасы жұмыс істейді. Мәселен, өткен жылы осы жобамен облыс орталығында 336 пәтер сатылды. Биылдың өзінде 66 пәтерге конкурс жарияланды, нәтижелері маусым айында анықталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласында тұрғын үй «7-20-25» бағдарламасымен 63 отбасы тұрғын үй сатып алса, 9 пәтер бойынша қайта конкурс жарияланды, – деді А.Қизатұлы.

Айта кетейік, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өткен жылы 336 пәтер, биыл 125 пәтер үлестірілген. Сондай-ақ, осы жылы өңірде коммуналдық тұрғын үйге кезекте тұрған 137 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Рекомендовать
Последние новости