Түркістанда баламасы жоқ туристік-рекреациялық орталық салынуда

Dalanews 06 авг. 2021 10:13 984

Түркістанда жағажай туризмі дамиды. Шаһарда елімізде баламасы жоқ жасанды көлі бар заманауи демалыс аумағы ашылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданы 85 гектар жерде орналасатын ерекше кешеннің құрылысы үш кезең бойынша жүзеге асады. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы – 2,5 млн. м3. Көл суы «Кеңсай-Қосқорған-2» су реттегішінен жиналады. Жаңа демалыс аймағы өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын тағы бір орталыққа айналмақ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев орталық құрылысының барысымен танысты. Қазір мұнда қазу жұмыстары жүргізіліп, дамбалар тұрғызылған. Су келетін жалпы ұзындығы 550 м каналдың жер жұмыстары, бетон құю жұмыстары аяқталған.

Жағалау толық бекітіліп, топырағы нығыздалған. Құрылысқа 15 техника мен 70 жұмысшы жұмылдырылған. Нысан құрылысының алғақшы кезеңін қазан айында аяқтау жоспарлануда. Бірегей демалыс кешені келер жылы ашылады.

«Түркістан» туристік-рекреациялық орталығында су спорты түрлерімен айналысуға арналған арнайы орындар пайда болады. Жасанды көлдің жағалауында емдік қасиеті көп шағыл құммен қыздырынуға жағдай жасалады. Жағажайға арналған ағаштар отырғызылып, балалар демалыс аумағы салынады. Элиталық коттедждер мен қонақүйлер бой көтеріп, демалыс аумағында саябақтар мен гүлзарлар салынады. Айнала абаттандырылып, көгалдандырылады.

Рекомендовать
Последние новости