"Түркістан облысындағы у шашатын ұшақ". Жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды

Dalanews 02 авг. 2021 05:59 838

Telegram желісінің арналарының бірінде "коронавирус" бар деп болжанған цистерналар мен олардың жанындағы ұшақтарды түсірген видео тарауда. Видео авторының айтуынша, бұл Түркістан облысындағы жағдай, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеода "Бөшкенің ішінен коронавирусты қоздыратын дәрі шашып жатыр деп ойлаймын. Шегірткеге қарсы шашып жатырмыз дейді, шегірткеге дәріні оған қанат бітпей жатып шашады. Ауырып қалмаңыздар, абай болыңыздар" дейді автор.

Бұл фейк ақпараттың авторы - ер адамды полиция ұстады.

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері коронавирусты қоздыратын зат шашатын ұшақтар туралы видео авторын анықтап, ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны, өзінің қылығы үшін көптен кешірім сұрап, жалған ақпарат таратқанын мойындады.

Бұған қарамастан, оған қатысты ҚР ҚК-нің 247-бабы, "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Оған 1000 АЕК (2 917 000 теңге) дейін айыппұл, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру немесе түзеу жұмыстары жазасы қолданылуы мүмкін, делінген stopfake.kz хабарламасында.

Шын мәнінде, видеодағы ұшақтар Шымкент қаласының тұрғынына тиесілі. Ол Түркістан облысында жалға алып жатқан егістікті тыңайтқыш себуді ұйғарған.

 

Рекомендовать
Последние новости