Күні кеше Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейіржан Беріков Астана қаласында өткен «Жаңартылатын энергия көздерін дамыту» Қазақстан-Корей ынтымақтастығы атты форумға қатысты.
Форум аясында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мен KK-Kiunsen атты Корей инвестициялық компаниясының президенті Джон Енг Сун арасында меморандумға қол койлады. Жоба құны – 15 миллион доллар.
Сонымен қатар, KK-Kiunsen компаниясы мен ЖШС «РФЦ» арасында жаңартылатын күн сәулесі арқылы өндірілетін электр энергиясын 15 жыл бойы сатып алыну туралы келісім шартқа қол қойылады.
Жобаны іске асыру барысында 200 гектар жер телімі Бәйдібек ауданы әкімшілігінен бөлінді. Қаржыландыру мәселесі Корей елі тарапынан асырылады.
KK-Kiunsen компаниясы Қазақстанда күн электр станциясы жобасын жүзеге асырғалы жатыр, сонымен қатар, шағын жел электр станцияларына арналған құрылғыларын өндіретін зауытын салуды жоспарлауда.
Аталмыш мәселеге қатысты KK-Kiunsen комнаиясының президенті Джон Енг Сун: – Былтыр Астанада халықаралық ЕХРО көрмесінің өткенін білеміз. Сондықтан Қазақстанда баламалы қуат көздеріне ерекше мән берілетіні белгілі. Мұнда осы сала бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыруға болады. Ол үшін жақсы жағдай жасалған. Корея технологиясы мен Қазақстанның мүмкіндігін қосқанда, әлемдік дәрежедегі тауар өндіруге болады,- деп пікірін білдірген болатын.
Форумда Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов сөз сөйлеп, ауданда салынатын нысанның қанша мегават электр өндіретінін айтты.
– «Құрылатын станция 10 мегаваттық болады. Болашақта оның көлемін ұлғайу мәселесі бар. Тұтынатын Түркістан облысының аймақтары болып есептеледі»,- деді.
Айта кетейік, облыста қазірдің өзінде жалпы қуаты 10,22 МВт-ты құрайтын 10 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны бар.