Түркістан облысында 26 мың жұмыс орны құрылады

Dalanews 12 янв. 2022 13:50 865

2022-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 26 мың жұмыс орнын құру көзделген. 2,4 трлн теңгенің 169 инвестициялық жобасы нақтыланып, облыстың ТОП-10 инвестжобасының тізбесі қалыптастырылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте индустрияландыру және инвестиция тарту жұмыстары барысы талқыланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі мен жұмыс жүктемесін арттыру туралы тапсырмасы және түркі елдерінің саммитінде айтылғандай, Түркістан қаласында түркітілдес елдерді (Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия) біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы бастамасы аясында жұмыстар жүргізілуде.

4 мың гектар жерде орналасқан «TURAN» арнайы экономикалық аймағының 67 жобадан тұратын инвестициялық қоржынының жалпы құны 530 млрд. теңгеден асты. Өткен жылы облыстың негізгі капиталына 500 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды. Оның ішінде сыртқы инвестиция көлемі 80,8 млрд. теңгені құрады.


Облысқа шетелден 350 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту индикаторы бекітілген. 2021 жылдың 9 айында салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 688,6 млн АҚШ долларын құрады немесе тікелей шетелдік инвестициялар индикаторы 196,7% құрап, 2 есеге жуық артығымен орындалған. Өңірде жалпы құны 136,4 млрд теңгеге 1000-ға жуық жұмыс орнын ашумен 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұдан бөлек облыста алдағы 3 жылда ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 832,3 млрд теңгеге 17 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 104 инвестжоба жүзеге асырылуда.

– Осымен бірге шетелдік инвестицияларды өңірге тарту мақсатында, Түркістан облысы делегациясының Түркия Республикасына жасаған сапары аясында шамамен 20 түркиялық компаниямен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде жалпы құны 7,0 млн АҚШ долларына тең, шамамен 140 жұмыс орны құрылатын «Teksan Madencilik» цинк концетратын өндіру зауыты және «YSL Group» үй-жиһазын шығару зауытын іске асыруға келісім жасалынды. Қазіргі кезде түркиялық инвесторлар өз жобаларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Сауран ауданында «Агропаркте» жеміс-жидек дақылдарын өсіру бағы, интенсивті бақ өсіру, жоңышқа өсіру жобалары жүзеге асырылуда.

Рекомендовать
Последние новости