Түркістан облысынан 2500-ден астам отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған

Dalanews 16 февр. 2022 11:29 864

Елімізде жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары Түркістан облысында 2015 жылдан бері жүргізілуде. Бүгінгі таңға дейін өңірден «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында жалпы 9 812 мүшесі бар 2 556 отбасы қоныс аударған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында өткен жылдармен салыстырғанда солтүстікке көшуге ниет білдірген отбасылардың қатары 3 есеге дейін ұлғайған.

Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіру үшін Павлодар облысынан Түркістан облысына 3 жұмысшы топ келді. Делегация өкілдері солтүстік өңірлерге қоныс аудару мәселесі бойынша ақпан айының 14-18 күндері аралығында ашық есік күнін өткізеді.



Кездесуде мемлекеттік қолдау шарттары және бос жұмыс орындары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілмек.


Айта кетейік, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға қолдау көп. Мәселен, көшіп келген жағдайда әр адамға 70 АЕК (214 410 теңге) көлемінде бірреттік қаржы ұсынылады. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін әрбір жанұяға отбасының құрамына байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі (45 945 теңгеден - 91 890 теңгеге дейін) мөлшерде субсидиялар қарастырылған.

Рекомендовать
Последние новости