«Түркістан – Адалдық алаңы» жемқорлыққа қарсы кеңсесі ашылды

Dalanews 12 дек. 2018 08:25 872

Түркістан облысындағы кәсіпкерлік нысандар қамқорлыққа алынады.


Оларды жемқорлыққа итермелейтін әрекеттерге тосқауыл қойылады.

Аймаққа жұмыс сапарымен арнайы барған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары осылай деді.

Айгүл Шаимова Protecting Business and Investments жобасы аясында облыстағы сүйемелдеуге алынған ірі кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысады.

Бұл жоба еліміздегі инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғауға арналған. Жалпы агенттік еліміз бойынша 250-ден астам кәсіпорынды, ал Түркістан облысы бойынша жалпы құны 240 млрд теңгеден асатын 5 ірі жобаны қорғауға алған.

Сапар барысында агенттік басшысының орынбасары «Түркістан – Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ»  деп аталатын жобалық кеңселердің ашылуына қатысты.


Сосын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп әрекет ету құжаттарына қол қойды. Кейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ашылған «Адалдық дүкені» жобасының жұмысымен танысты.

Айгүл Шайымова, ҚР МҚІЖСЖҚ іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары: Елбасымыз биылғы жолдауында бізге тапсырма берді. Ол – әр өңірде сыбайлас жемқорлықтан ада өңір деген жобаны іске асыру. Сондықтан енді Түркістан өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір тәуекелдік болса, оны жойып, елімізді дамытып, экономикамызды жақсартып, өркендеуге үлес қосамыз деп ойлаймыз.

Рекомендовать
Последние новости