Түркі дүниесінің Кипрдегі поэзия кештері

Dalanews.kz 06 сент. 2025 15:46

1–4 тамыз күндері Солтүстік Кипр Түрік Республикасының астанасы Лефкоша қаласында алғаш рет “Түркі дүниесінің Кипр поэзия кештері” атты халықаралық мәдени шара өтті. Бұл игі бастама түркі тілдес елдердің әдебиет пен өнер саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтерді.

Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан, Татарстан, Башқұртстан, Түркия, Косово, Македония сынды елдерден келген қаламгерлер ортақ сахнада жыр оқып, өз мемлекеттерінің байрағын желбіретті. Бұл – түркі халықтарының мәдени байланысының, достық пен бауырластық рухының айқын көрінісі еді. Қазақ жұртынан арнайы шақырылған Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Н.Оңдасынов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын - Әсел Оспан да Түркі дүниесіне Қазақтың тамырын жалғап, көк туын желбіретіп, “Түрік саздарына” сән қосып келді.

Іс-шара барысында Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті - Ерсін Татар мырза түркі әдебиетінің дамуына үлес қосқан қаламгерлерді құттықтап, оларды марапаттады . Сондай-ақ “Түрік әдебиеті қорының” төрағасы - Серхат Кабаклы мырзаның бастамасымен ұйымдастырылған бұл жоба жоғары деңгейде өтіп, болашаққа сұраныстар артты.

Кеш аясында “Түркі Әлемі – Деде Қорқыт” атты көрме көпшілік назарына ұсынылды. Белгілі суретшілер Саба Джафари Кабаклы мен Октай Оксузоғлының туындылары көрермендерге терең әсер қалдырды.

Шараның сәнін түркі жыршысы әрі әнші - Бунямин Аксунгурдің бірнеше тілде шырқаған әуезді шығармалары көпшілікті тәнті етті.

Поэзия кештері түркі әлемінің мәдени ынтымағын нығайтып қана қоймай, рухани бірліктің де шынайы көрінісі екенін дәлелдеді.


Рекомендовать
Последние новости