Түркі әлемінің зиялылары Түркістанда бас қосты

Dalanews 25 окт. 2018 02:27 925

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Шымкент қаласынан бастау алған Халықаралық түркі әлемі  форумы аясында Түркістан қаласында бірқатар іс-шаралар өтті.

Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат еткен форумға қатысушылар  «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құнды жәдігерлерімен танысты.

Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Қазақстан, Ресейдің Тыва, Дағыстан аймақтарынан жиырмадан астам әдебиетшілері мен ақын-жазушыларынан тұратын зиялы қауым өкілдері Түркістан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қабылдауында болып жаңа облыс орталығының  мәдени-рухани даму бағытымен танысты. Делегаттар қатарында Түркия Республикасы

Ардахан қаласының мэрі Уғур Деде,  Түркия Республикасы Ататүрік зерттеу орталығының басшысы Нихат  Бүйікбаш, тарихшы Али Ак,

Үндістандағы Джамму университетінің стратегиялық және аймақтық зерттеулер департаментінің ди⁠ректоры Мохаммад Монир Алам, Иран Ислам Республикасы

Пейам-и Нур мемлекеттік университетінің оқытушысы Масоумеh Даеи, Ресей Федерациясы «Ажи-Кала тарихи-мәдени орталығы» аймақтық қоғамдық ұйымының өкілі Эльвира Аджибаева, Дағыстан Республикасының ақыны Салимет Майлыбаева, Шымкент қалалық «Қаламгерлер» бірлестігінің төрағасы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы бар.

Шара аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпараттық ресурстық орталығында Түркістан қаласының жастарымен кездесу  ұйымдастырылды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости