Түлкібас ауданында шағын кәсіпкерлік саласы 17 мыңнан астам адамды жұмыспен қамты отыр

Dalanews 16 нояб. 2018 15:00 953

Дамыған елдердегі экономиканың негізгі үлесін шағын кәсіпкерлік құрайтыны белгілі. Сол сбепте бүгінде Түлкібас ауданындағы шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді

Аудан  экономикасы  дамуының басымды бағыты шағын және орта бизнес  болып табылады. Ел егемендігінің алғашқы жылдардағы шағын және орта бизнес саласы аясында кәсіпкерлік субьектілерінің саны 127-ден бүгінгі таңда  6310-ге  жетті. Осылайша шағын бизнес аудан экономикасының маңызды сүйенішіне айналып отыр.

Осы сала арқылы жұмыспен қамтылғандар саны 17 мың 200  адамға жетті. Шағын кәсіпкерлік бойынша өндірілген өнім көлемі  биылдың өзінде 34,2  миллиард теңгеден асқан. Өткен  жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы 5013 адамға 2,5 миллиард теңге несие берілген, оның ішінде «Ырыс» МКҰ» серіктестігі арқылы 64 жоба, «Түлкібас несие серіктестігі» серктестігі арқылы 97 жоба, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында 2  жоба қаржыландырылды. Осының барлығы аудандағы шағын кәсіпкерлік саласының жоғары қарқынмен  дамып келе жатқанын айғақтайды.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости