Тұғырың биік болсын, көк байрақ

Dalanews 04 июн. 2024 15:25 3656

 Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында да бұл үрдіс жалғасып тапты. Мәселен, Келес ауданында «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты мәдени салтанатты шарасы өтті, леп деп хабарлайды Dalanews.kz. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Абай ауылындағы орталық алаңда ұйымдастырылған іс-шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында көк Ту әуе шары арқылы көкте желбіреді. Сондай-ақ, айтулы мерекеде Ә.Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы патриоттық әндер шырқалып, мемлекеттік рәміздер дәріптелді.


Айта кетейік, 1992 жылдың қаңтарында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның жобасын дайындау туралы байқау жарияланған болатын. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны сол жылы бекітілді. Ал 2006 жылы жаңа Әнұран қабылданды.


Рекомендовать
Последние новости