Трамп пен Путиннің Аляскадағы келіссөздерінің қорытындысы: әзірге мәміле жасалмады

Кәмшат Тілеухан 16 авг. 2025 09:10

АҚШ-тың Аляска штатында 16 тамызға қараған түні Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөздерінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда Анкоридждегі әскери базаның ұшу алаңында Ресей басшысы Владимир Путинді өзі күтіп алды. Алдымен Аляскаға Трамптың ұшағы қонды, іле-шала Путин де жылдам жеткен.

Көп ұзамай Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт президенттердің жеке кездесуі жоспарланғандай емес, екі ел көшбасшыларының кеңесшілері қатысатын форматта болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Трампқа мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф қосылады. Ал Путинге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президент көмекшісі Юрий Ушаков еріп жүреді. Бұл – екі ел президенттерінің 2019 жылдан бергі алғашқы бетпе-бет кездесуі.

Бұдан кейін қос президенттің тарихи келіссөздері шағын құрамда басталып кетті. Ол 2 сағат 45 минутқа созылды.Қос тарап та келіссөздер алдында баспасөз алдына шықпады. 

16 тамызға қараған түнгі Аляскадағы кездесуден кейін Ресей және АҚШ президенттері бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

РИА Новостидің хабарлауынша, президенттер жабық келіссөздердің егжей-тегжейіне тоқталды.

Путин өзінің кіріспе сөзінде Трамппен телефон арқылы әңгімесі ашық болғанын айтып, Ресей Трамп әкімшілігінің Украина дағдарысын шешуге атсалысушы ұмтылысын байқап отырғанын да жеткізді.

"Ресей мен АҚШ басшыларының диалогы пісіп-жетілді, бет алысты байқап, қадам алысты аңдудан әлдеқашан аулақтап, диалогқа көшу керек еді", - деді Путин.

Оның айтуынша, Ресей Украина қақтығысын тоқтатуға және оның ұзақ мерзімді сипатқа ие болуына шын жүректен мүдделі.

Сондай-ақ, Ресей басшысы Ресей мен АҚШ-тың бірлесе жұмыс істеуі үшін көптеген тартымды бағыттар бар екенін айтты. Ресей тарапы Киев қақтығысты шешуде жүзеге асуы тиіс прогреске кедергі болмайды деп санайды.

Сондай-ақ, Путин Трампқа өзіне сенім артқаны үшін алғыс айтты.

"Екі тараптың да Ресей-АҚШ саммитінде нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылыс болды", – деді Путин.

  • Ресей Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігімен келіседі әрі осы бағытта жұмыс істеуге дайын, - деді Путин.
  • Ресей Федерациясы президентінің айтуынша, жоғарғы деңгейдегі Ресей-Америка кездесулері 4 жылдан астам уақыт бойына өткізілмеген, бұл - ұзақ мерзім.
  • Путин Трамппен болған келіссөздерде қол қойылған келісімдер Ресей мен АҚШ-тың іскерлік және прагматикалық қарым-қатынастарына сүрлеу жол салады деп мәлімдеді.
  • Ресей мен Алясканы Беринг бұғазы ғана бөліп жатыр, сондықтан біздер жақын көрші елдерміз, - деді Путин.
  • Тараптардың Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қырғи-қабақ соғыстан кейін алғаш рет ең төменгі деңгейге құлдырады, әзірге көшбасшылар арасында тікелей байланыс болмады деген пікірде ойлары бір жерден шықты.

Америка президенті Путинмен Украина проблематикасының "көптеген тармақтарын" үйлестіре алғанын, бірақ бірқатар тармақтар бойынша әлі келісімдерге қол жеткізілмегенін және Ресей көшбасшысымен осы мәселелерге қатысты "өте жақында" сөйлесетіндерін айтты.

  • Трамп Мәскеуге баруы мүмкін екенін жеткізіп, бұл шақыруды "қызықты" деп атады.
  • АҚШ президенті Ресей мен Украинаның өзара келісімге келуде "жақсы мүмкіндігі" барын, бірақ "мәміле әлі дайын емес" екенін айтты.
  • Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Ресей тарапы өзіне Киев  қабылдауға келісуі керек украин әскери тұтқындарының 1000-ға жуық тізімін бергенін айтты.

Путин мен Трамптың баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап берілмей, тез аяқталды.

Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейін Fox News-ке берген сұқбатында Трамп Мәскеумен келісімге келу Украинадағы жағдай шешімінің кілті болуы мүмкін екенін атап өтті. Сол себепті ол Зеленскийдің Ресеймен келіссөздер жүргізуді қарастыруы керектігін атап өтті.

Трамп Зеленскийге Ресеймен келісім жасасуға кеңес бере отырып: "Ресей - өте үлкен держава. Ресейдің үлкен ядролық әлеуеті бар және оны ескеру қажет", - деді.

АҚШ президентімен сөйлескен Зеленский "атысты сөзсіз тоқтату" және украин әскери тұтқындарын босату қажеттілігін жеткізген.


Рекомендовать
Последние новости