Трамп Нобель сыйлығына қызығушылығын жоғалтқанын айтты

Самал Асқар 13 мар. 2026 15:27

АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығын алуға енді қызығушылық танытпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.

«Мен бұған қызықпаймын», – деді Трамп Washington Examiner газетіне берген сұхбатында.

Бұған дейін ол бұл марапатқа лайық екенін айтып, «сегіз соғысты тоқтаттым» деп мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, биыл қаңтарда венесуэлалық оппозиция өкілі Мария Корина Мачадо Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін табыстаған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove