Тоқаевтың Токиоға жасаған сапары: жапон басылымдары не дейді?

Dalanews 19 дек. 2025 16:33

Жапония ақпарат құралдары 18 желтоқсандағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токиоға сапарын ерекше оқиға ретінде бағалап отыр. BAQ.KZ тілшісі басылымдардағы маңызды тақырыптар мен бағыттарға шолу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ірі басылымдардан бастап аймақтық газеттерге дейін - барлығы дерлік бір күннің ішінде Қазақстан туралы маңызды материалдар жариялады. Бұл - Астана мен Токио арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңге қадам басқанын айқын көрсететін белгі.

Император сарайындағы жылы кездесу

Жапония үшін кез келген шетелдік көшбасшыны Император Нарухитоның жеке қабылдауы - жоғары деңгейдегі құрметтің белгісі. Сондықтан Тоқаевтың Император сарайындағы қабылдауы жапон медиасының басты тақырыбына айналды.

Басылымдар Император мен Президенттің «Тақыр бөлме» деп аталатын ресми залда сұхбаттасқанын, кейін достық форматта шағын түскі ас өткенін жарыса жазуда. Мақалалардан кездесу атмосферасының ерекше жылы болғаны айтылуда. Әңгіме су ресурстары, Каспий теңізінің таяздануы сияқты өте нақты экологиялық мәселелер төңірегінде өрбіген.

Сондай-ақ, Жапонияның Asahiақпараттық агенттігі Император Қазақстанда болған су тасқынына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтқанын жазады.

Түскі ас кезінде Президент Қазақстандағы су ресурстары бойынша БҰҰ кешенді тәсіл қолдануды ұсынып отырғанын түсіндірген. Император «су мәселесі – көптеген елдер қолмен жұмыс жасауы керек мәселе» деп жауап берді. Бұл туралы Nikkeiбасылымы жазады.

Жапония үшін табиғат пен су ресурстары - философиялық та, ғылыми да маңызы бар ерекше тақырып. Ал Император Нарухитоның «су экологиясын» өмірлік миссиясына айналдырғанын ескерсек, бұл әңгіменің жай ғана дипломатиялық сыпайылық емес, екі ел арасындағы адами және ғылыми түсіністіктің дәлелі екенін жапон басылымдары ерекше атап өткен.

Премьер министр Такаитидің Тоқаевпен келіссөзі - серіктестіктің жаңа парағы

Жапония премьер-министрі Саанаэ Такаитимен өткен келіссөздер де баспасөз назарында болды. Жапон журналистері бұл кездесуді «энергетикалық серіктестікті қайта құру және жаңа технологиялық көпір салу» деп сипаттайды.

Jijiсайты кездесуде мұнай мен газ саласындағы серіктестік туралы мәселелердің көтеріліп, маңызды минералдар мен сирек металдар бойынша ұзақ мерзімді келісімдер, жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін арттыру, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект және байланыс технологияларындағы ынтымақтастық бағыттарындағы талқылаулар болғанын жазады.

AI және байланыс саласындағы серпінді қадам

Жапонияның цифрлық даму министрлігі мен Қазақстан арасындағы жасанды интеллект және коммуникация саласындағы жаңа келісім жапон сарапшыларын ерекше қызықтырды. Nikkeiбұл бастаманы «Орталық Азиядағы ең перспективалы технологиялық альянс» деп бағалап отыр.

Сондай-ақ басылымдаркездесуде Жапония мен бес ел арасында бірлескен декларация жарияланады деп күтілуде екенін жазады. Оған Орталық Азия мен Еуропаны Ресей арқылы, дамушы елдерге мемлекеттік көмек және жасанды интеллект ынтымақтастығы арқылы байланыстыратын көлік бағыты ретінде өсіп келе жатқан сұранысқа ие "Каспий теңіз жолындағы" логистиканы жеңілдетуді қолдау саясаты кіреді.

«Орталық Азия + Жапония» саммиті: Қазақстанның аймақтағы жетекші рөлі

Жапония алғаш рет Орталық Азия елдерімен ең жоғары деңгейдегі саммит өткізгелі отыр. Бұл туралы Yahoақпарат агенттігі хабарлады. Жапон ақпарат құралы осы жиынның табысты өтуі көп жағдайда Қазақстан көшбасшысының ұстанымына тәуелді екенін ашық жазады. Онда премьер министр «Қазақстан құқық үстемдігіне негізделген еркін және ашық халықаралық тәртіпті сақтау және нығайту үшін стратегиялық әріптес болып табылады» деген. Ал Президент «біз Жапониямен қарым-қатынасымызды сенімді азиялық серіктес ретінде бағалаймыз», - деп жауап берген.

Жапония басылымдарының ортақ бағасы

Жапон авиация порталы «flyteam»Қазақстан үкіметтік ұшағының Ханэда әуежайына келуі туралы бірнеше рет жазған. Фото­репортаждар сапардың ресми деңгейін ғана емес, жапон қоғамының қызығушылығын да көрсетеді.

Ал жалпы жапон медиасы Тоқаевтың сапарын «Қазақстан - тек энергия мен минералдар елі емес, бұл ел - Орталық Азиядағы тұрақтылық, технологиялық серіктестік және сенімді дипломатияның өзегі деп түйіндейді.


Рекомендовать
Последние новости