Тоқаев Ресейдің Энергетика министрін қабылдады

Dalanews 19 апр. 2025 13:17 320

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 19 сәуірде Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

 

 


Рекомендовать
Последние новости