Тоқаев Мамин басқаратын Үкіметке сенім білдірді

Dalanews 24 янв. 2020 10:21 793

Бүгін Нұр-Сұлтанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік етіп, премьер Асқар Мамин басқаратын Үкіметтің жұмысын оң баға берді деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Үкіметті басқаратын Асқар Маминнің біліктілігі, кәсібилігі жоғары. Бүгінгі жиында мен айтқан тапсырмаларды ойдағыдай орындарына сенімдімін. Үкіметтің жұмысына табыс тілеймін", – деді Тоқаев. 

Өз кезегінде премьер Асқар Мамин Үкімет жұмысына сенім артқан Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы уақытта атқарылар жұмысқа тоқталып өтті. 

"Биылғы елімізде 17 мыңға тарта жұмыс орны құрылады", – деді Мамин. 


Оның айтуынша әлемдік дағдарысқа қарамай Қазақстан экономикасы тұрақты даму жолында келеді. Былтыр ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,5 пайызды құраған, мұның 85 пайызы шикізаттық емес салалардың есебінен қамтамасыз етілген. 
Үкіметбасы атап өткендей негізгі өсім құрылыс, сауда және тасымал саласында байқалған. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім былтыр 4,4 пайызды, тау-кен саласында 3,7 пайызды құрады. 


Рекомендовать
Последние новости