Тоқаев АҚШ-тың әйгілі компанияларына Әділетті Қазақстанды қалай құратынын айтып берді

Dalanews 20 сент. 2022 03:59 1026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары барысында іскер топтармен бірқатар екіжақты кездесу аяқталғаннан кейін Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, The Procter & Gamble Company, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, McLarty Associates, Macro-Advisory LTD, private equity fund RCF, Brownstein Hyatt Farber Schreck, Greenenberg Traurig LLP, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі америкалық компаниялардың басшылары қатысты.

Президент мұндай форматта өткен кездесу игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан АҚШ-тың Сауда палатасы мен Іскерлік кеңес мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы кездесуде Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, Президент энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда америкалық жаңа ірі кәсіпорындардың пайда болуына қолдау білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық экономикалық серіктестік барлық салада әртараптандырылып, кеңейе беретінін атап өтті.

https://dalanews.kz/del-qazir/81405-zhanga-qazaqstanda-qogamdyq-kengesterd

Рекомендовать
Последние новости