Төлеби ауданының шаруа ерекше әдіспен сарымсақ өсіруді қолға алды

Dalanews 21 мая 2018 11:22 860

2016 жылы Тасарық ауылдық округіндегі тастақ жерді техниканың күшімен игеріп, жүзімбақ еккен жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев ауданда үлкен көлемде сарымсақ егуді бірінші болып қолға алды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады.



Бастапқыда 10 гектарға жаңа технологиямен жүзім еккен шаруа өткен жылы қосымша он гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызып, былтырғы жылы алғашқы жемісін жинап алды. Еңбегіне қолдау тапқан жеке кәсіпкер жүзім алқабының әр гектарына мемлекет тарапынан 750 мың теңгеден субсидия алды.

Ал, биыл шаруа Төлеби ауданының Тасарық ауылдық округіндегі 10 гектар ескі алма бауының орынына тың әдіспен сарымсақ егуді қолға алды. Ол аталған жердің 2 гектарына жабайы сарымсақтың ұрығын отырғызып, жаңаша әдіспен қолдан мәденилендіруде. Сәтін салса, гектарынан он тонна өнім алып, шетелге шығаруды көздеп отыр.

Айта кетейік, өткен жылы аудандағы 10,7 гектар үйіргелік жерден 178 тонна сарымсақ жиналған болатын. Бұл Төлеби ауданы тұрғындарының соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына ден қойып жатқанын аңғартады. Оған себеп – мемлекеттік қолдау шаралары.

Рекомендовать
Последние новости