Тазабеков: "Айгүлде нем бар?"

Dalanews 21 июл. 2017 06:22 1395

Тазабековтың әлеуметтік желіде жариялаған бір ғана жазбасы үлкен шу тудырды, ақыры. Өзін уахабит дегендерді және осы уағызды ел арасына тықпалап жүр деушілерді сотқа тартатын түрі бар Тазабековтың.

Тазабеков не дейді? 


 

Әлеуметтік желідегі бөліскен жазбасына қатысты діни арнаның директоры былай деп түсініктеме берген. 

"Serke.orq сайты менің әлеуметтік желіде бөліскен (репост жасаған) жазбам туралы мақала жариялаған екен.

Мақаланың қысқаша мазмұны – үндістандық бір ғалымның қайтыс болғаны мен оның жаназасына миллионға жуық адам жиналғанын хабарлаған "әсіре радикал ой айтып жүретін адамның" жазбасынан "қатты әсерленіп", оның «қауіпті адам екенін біліп тұрып бөліскенім» және «он мыңдаған адамды жат ағыммен улап жібергенім» туралы.
Бұған қоса, бүркеншік есім жамылған автор мені "уахабилік уағызды халыққа тықпалап жүр және мұны мойындамайды" деп айыптап, Ақтөбе мен басқа аймақтарда болған террорлық акті жасаушылармен байланыстырған жəне енді "құтылып кетуі неғайбыл" деп жазады.



Сонымен қатар, осы мақаланы бөліскен Айгүл Орынбек қарындасымыз өз постында мені "дін саласында қаншама жыл стажы бар адамның ақпаратты бөліскенде шатасуы мүмкін емес" дей келе, "нағыз террористің жазбасын бөлісуші" заң алдында жауап берсін деп үміттенген екен" дейді Тазабеков.

"Асыл арнаның" директоры өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып отыр. Айтуынша, фейсбукте миллиардтан асып жығылатын қолданушы бар. Мұндағы жұрттың бәрін жете танып, олардың бағыттарын біліп жүру мүмкін емес.

"Әдетте, әлеуметтік желіде ақпарат бөліскен уақытта авторы емес, жазба контентіне көңіл бөлеміз. Ал аталған жазба жаназа туралы және онда заңға қайшы келетін, «құтылып кетуім неғайбыл» дүние болмағанын айтқым келеді.
Пост авторымен таныс емеспін және оның басқа жазбаларымен танысып, ұстанымын білген бетте, жылдам парақшамнан алып тастадым. Тиісінше, оның "қауіпті адам екенін" біліп тұрып жариялауым және аз уақыттың ішінде "он мыңдаған адамды жат ағыммен улап жіберуім" əсте мүмкін емес.

Сондықтан заң алдында жауап берсін деген «үміттердің» де орынсыз екенсіз айтқым келеді.

Керісінше, мақала мен оны бөлісушілердің менің атымды Ақтөбе мен басқа аймақтарда болған террорлық актілермен байланыстыруы және уахабилік уағызды тықпалап жүр деуі - көрінеу жəне беделімді түсіретін ақпарат деп білемін. Аталған жағдайға байланысты ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес өз абыройымды қорғау мақсатында құқық қорғау органдарына шағым түсіру құқығым барын жəне заңгерлермен кеңесу жасап жатқанымды хабарлаймын" дейді Тазабеков.

Орынбек не дейді? 


Тазабеков бөліскен әлеуметтік желідегі жазба жұрттың назарына бірден іліккен. Алғашқылардың бірі болып бұл туралы заңгер, әлеуметтік желі белсендісі Айгүл Орынбек жазған. 



"Ауылдың балдары репост пен лайк үшін қамалып кетіп жатыр, ал Мұхаметжан Тазабекке заңды түрде жаза жоқ па?" деген блогер бұл жазбаның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы К.Мəсімовтың назарына ілігуі керектігін айтқан. 

Оның айтуынша, мұндай ақпаратты бөліскенде дін саласында қаншама жыл стажы бар адамның шатасуы мүмкін емес.

"Дүрдей бір діни арнаның директоры "Білмей қалдым "- деп баланың əңгімесін айтпай -ақ қойсын! Нағыз террористтің жазбасын бөлісіп, оқырмандарына не айтқысы келді екен? Заң бəрімізге ортақ! Бөліскен посты үшін заң алдында жауап берсін! Бас Прокуратура немқұрайлы қарамайды деп үміттенемін!" деген-тұғын Орынбек. 

Іс насырға шапты ма? 



Фото Айгүл Орынбек.

Бұл іске осымен нүкте қойылуы да мүмкін еді. Алайда Айгүл Орынбектің айтуына қарағанда, оған қоқан-лоқы жасаланып жатыр. Әлеуметтік желіден жалған парақша ашқан бөтен біреулер оны қорқытып-үркітпек болған. Бұл туралы заңгер былай деп жазды.

"Маған жекеге жалған парақшалармен ашылған адамдардан қоқан лоқы жасалынып жатыр.
Маған қандайда қастандық жасалынатын болса, Мұхаметжан Тазабектен оның артынан еруші шəкірттері ма , тыңдаушыларыма солардан күдіктенемін!

Себебі кеше мен Мұхамеджан Тазабек экстремизм бағытын таратушы адамның постын бөліскені үшін заңды түрде жазасын алсын деген болатынмын! Ал ол кісі өзінің қателесіп бөліскен посты үшін мені сотқа берем деп пост жазыпты. Соның септігі болар Мұхамеджан ағамның уағызын тыңдап жүрген шабармандар маған шауып, қоқан лоқы жасап жатқаны.

Бүкіл келген хаттарды скриншоттап ҰҚК -ға арыз дайындап жатырмын!". 

Тазабеков жауап қатты 


Іле-шала заңгердің жазбасына Тазабеков жауап қатқан.
"О заманда бұ заман, қазақ қыз баласына қоқан-лоқы жасап қорқыта ма екен? Қызды қорқытпақ түгілі, қыздың алдында артық сөйлеуді ар санайтын ерлердің ұрпағы емес пе едік... Еркелесін... Ойындағысын айтсын... Арманда қалмасын...

Егемен елде, еркіндік алаңы әлеуметтік желіде айтпағанда қайда айтады.  Өз сөзі өзінікі...Шынымен мен ренжіп қап, біреуге өтініп, бірдеңе жазғызып жатыр, деп, жұрт ойлап қалар. Әлеуметтік желі ашылғалы бері қорғанумен келе жатыр екенмін. Біреуге тұра ұмтылған кезім жоқ. Ешкімге қамшымды шиырып, қаламымды ұштап көрмеппін", – деді Тазабеков.

Оның айтуынша, кісіге жұмсайтын тобы жоқ. 

"Ақымды алып кеп бер, дейтін адамым жоқ.

Сиынарым да, сүйенерім де- жалғыз Алла!

Айгүлде нем бар?

Солай ойлады, сосын жазды..." деп жазыпты ол.

Құспан не дейді? 


Картинки по запросу абзал құспан

Ал Орынбекке қолдау көрсеткен әріптесі Абзал Құспан "олар қарындасымыздың өміріне қауіп төндіре бастады, әзірге сөз жүзінде, ал ертең іске асыра бастамасына кім кепіл?" дейді.

Оның айтуынша, Айгүлге жасалған қоқан-лоққы, Қазақстандағы жаңа қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамға көрсетілген доқ, нақты қауіп.

"Сол себепті Ұлттық қауіпсіздік комитетін Айгүлдің арызын жан-жақты, толық, объективті тексеруге шақырамын. Айгүлдің жеке басына қатысты жағдай барша қоғам қадағалауында екенін ескертемін! " деп жазыпты Абзал Құспан. 

(жалғасы бар) 

Dalanews.kz


Рекомендовать
Последние новости