Таиландта Қазақстан азаматы ұсталды

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2025 16:11

Таиландтың Пхукет аралында алаяқтық ісі бойынша Интерполдың «қызыл хабарламасымен» халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тай құқық қорғау органдары күдіктінің Пхукет провинциясында жүргені туралы жедел ақпарат алғаннан кейін оның жүрген жерін анықтаған. БАҚ мәліметінше, ер адам өз елінде құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт бойы бой тасалап келген.

Дүйсенбі, 15 желтоқсанда полиция қызметкерлері күдіктіні Муанг ауданындағы қонақүйлердің бірінен тауып, қамауға алған.

Ұсталғаннан кейін Таиландтың көші-қон қызметі оның ел аумағында болуына берілген рұқсатты жойды. Қазіргі уақытта Тайланд билігі Қазақстанның Таиландтағы елшілігімен бірлесіп, күдіктіні депортациялау және оны отанына қайтарып, жауапкершілікке тарту мәселесін пысықтап жатыр.

 
 

Рекомендовать
Последние новости