Тасмағамбетов Қазақстанды Путинге жіпсіз байлап берді ме?!

Dalanews 23 нояб. 2022 14:26 889

Телеграм арналар Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының Арменияда өткен жиынын талқылауда.

Кезектен тыс Президент сайлауда жеңіске жеткен Тоқаев Қазақстанның Еуроодақпен байланысты жандандыратын ашып айтқан еді.

Бұл – ұсыныс Путинге ұнамаған сынды. Қазақстанды стратегиялық әріптес санайтын Кремль одақтасының Батыспен тонның ішкі бауындай араласып кеткенін қаламайды. Осы орайда Путин Қазақстанды өзіне жіпсіз байлап қоюдың амалын тапқан сыңайлы...
[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]
Бүгін Арменияда өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының кезекті басқосуында ұйымның төрағалығы Қазақстанға өтетінін белгілі болды.[/perfectpullquote]

Армения басшысы Никол Пашинянның ҰҚШҰ төрағасы болуға Иманғали Тасмағамбетовтың кандидатурсын қолдауды Тоқаевтан қиылып... сұрағанына куә болдық. Пашинянның ар жағында Путин тұрғаны анық.

Осыдан кейін президент Тоқаевтың олардың өтінішін қабыл алғаны жайындағы ақпарат тарады.

Имекең Мәскеудегі елшілік қызметін өткізіп бергеннен кейін де Кремльді айналшықтап шықпай жүргені енді белгілі болды.

Білетін адамдар бүгінде Тасмағамбетовтың көп уақытын Ресейден өткізетінін DALA INSIDE-қа сыздықтатып айтқан болатын.

Қазақшыл қауым Тасмағамбетовтың көп уақытын Ресейде өткізетіне таңқалған еді.

Бұл тағайындаудан кейін қазақ қоғамында Тасмағамбетовке қатысты жаңа көзқарас қалыптасатыны сөзсіз.

ҰҚШҰ-ның төрағалығы Имекеңнің саяси кеңістіктегі, саясаттың кулуарындағы салмағын арттыруы мүмкін.

Бірақ дәл осы жолы Тасмағамбетов Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстандағы саяси өлшемдердің басқа арнаға ауып кеткенін ескермегенін анық байқадық.

Қаңтар оқиғасынан кейін халықтың Ұжымдық келісім-шарты ұйымына деген көзқарасы күрт өзгерді.


Осылайша ҰҚШҰ қазақ қоғамы үшін уытты, зиянкес ұйымға айналғаны белгілі. Имекең мұны біле тұра ұйымды басқаруға келісімін бергенін түсіне алмадық.

Қазақстанды былай қойғанда ҰҚШҰ-ға мүше елдер арасында аталған ұйымның тартымдылығы күрт төмендегені белгілі.

Посткеңестік елдердегі аудитория (билік емес) бұл ұйымның қауқары қалмағанын мойындап қойды.

Биыл Петерборда өткен ҰҚШҰ-ның жиынына қырғыз басшысы Садыр Жапаров бармай, ұйымның қырғыз бен тәжік арасындағы қақтығысты шешуге қауқары келмей отырғанын ашық аңғартқан.

Ал армяндар (Пашинян емес) мұндай аймақаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмай отырған ұйымнан шығу турасында бастама көтергенін білеміз. Осылайша ҰҚШҰ айдай әлемге өзінің әркетсіздігімен әбден танылып, сүйкімсіз ұйым ретінде танылды.

Ал осындай ұйымға ұлтжанды азамат (мемлекетшіл деп енді айту артық болар) Имекеңнің тағайындалуы оның саяси салмағына көлеңке түсірері анық.

Имекең саясатқа оралу үшін ҰҚШҰ-ны пайдалануы мүмкін бе? Бұл енді бос қиял. Өйткені тарих екі рет қайталанбайды. Ал осы ұйымның жаназасын тездетіп шығарса, онда тарихта қалуы ықтимал.

Автор Нұрлан ЖҰМАХАН




Рекомендовать
Последние новости