Тасмағамбетов елші болды

Dalanews 03 февр. 2017 14:24 970

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң Иманғали Тасмағамбетовты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясынындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылдағандығын жария етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген.

1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.

1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі.

1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі.

1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.

1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі.

1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі.

2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы.

2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі.

2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі.

2014 жылдың қазанынан ҚР Қорғаныс министрі болды.

2016 жылдан осы тағайындауға дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып қызмет атқарды.

 

Қазақпарат

Рекомендовать
Последние новости