Тарбағатайда мұқтаж жандар үшін 25 үй салынуда

Dalanews 13 авг. 2021 12:27 1095

Тарбағатай ауданында мұқтаж жандарға арналған 25 тұрғын үй салынуда. Бұл мақсатта 554,4 млн теңгеге қаржы бөлінді. Аталған тұрғын үйлер «Бір қабатты Шығыс» жобасы бойынша салынуда. Бұл туралы аудан әкім Асхат Смайлов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

–  Облыс әкімі Даниял Кенжетайұлының бастамасымен «Бір қабатты Шығыс» жобасы бойынша 2021 жылы ауданда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жеке кәсіпкерлер қаражаты есебінен жалпы ауданы 3960 шаршы метрді құрайтын 25 тұрғын үй, 50 пәтер салуға 554,4 млн теңге бөлінді. Қазір құрлыс жұмыстары жүргізілуде. Үйлер мұқтаж адамдарға пайдалануға берілетін болады. Бір пәтердің көлемі 60,90 шаршы метрді құрайды, – дейді Асхат Асхат Сайдахметұлы.

Атап айтсақ Ақсуат ауылынан екі пәтерлі 10 тұрғын үй, 20 пәтер, Ақжар ауылынан екі пәтерлі 9 тұрғын үй, 18 пәтер, Екпін ауылынан екі пәтерлі 1 тұрғын үй, Маңырақ ауылынан екі пәтерлі 1 тұрғын үй, Жаңаауыл ауылынан екі пәтерлі 1 тұрғын үй,  Жетіарал ауылынан екі пәтерлі 1 тұрғын үй, Құйған ауылынан екі пәтерлі 1 тұрғын үй, Жалаңаш ауылынан екі пәтерлі 1 тұрғын үй салынуда.

Рекомендовать
Последние новости