Тарбағатай ауданында көлік және өнеркәсіп салаларындағы мегажобалар жүзеге асырылып жатыр

Dalanews 12 сент. 2024 15:37 2320

Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылы болашақта мультимодальды транзиттік дәліздің бір бөлігі, Ресей мен Қытайды байланыстыратын су және теміржол трансшекаралық торабы болады. 
Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев Шығыс Қазақстан облысын дамытудың ауқымды перспективалары туралы мәлімдеді,  деп хабарлайды Dalanews.kz Bizdin oskemen-ге сілтеме жасап.

Қазірде Тарбағатай ауданында бентонит саздарының ірі кен орны игеріліп жатыр. Қазақстандықтар бұл өнімді танымал «Тагансорбентті» дайындау үшін пайдаланады.
Дархан Жөргекбаевтың айтуынша,  қазір кен орнында 70 адам жұмыс істеуде. Өткен жылы кәсіпорынның негізгі инвесторы ауысты, жаңа инвестормен бірге өндірісті дамыту және жергілікті халықты әлеуметтік қолдау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатырмыз. Кен орнындағы өндіріс көлемі артып, қосымша жұмыс орындары ашылады. Тағы бір мегажоба – Қызылқайың молибден-мыс кен орнының ашылуы. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы жылдары жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Алдын ала есептеулер бойынша тек құрылыс жұмыстарына 3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, нысан жобалық қуатына жеткенде 1500 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлануда.


– Заманауи әуежай саламыз, Тұғыл ауылында өзен порты мен темір жол салу жоспарлануда – бұл жобалар қазірдің өзінде Үкіметтің Жол картасына енгізілген. Тарбағатайдың субсидияланатын шекаралық аймақ емес, логистикасы дамыған су, әуе және автомобиль жолдарының әлеуетін пайдаланатын қарқынды дамып келе жатқан ауданға айналатынына сенімдіміз. Ірі кәсіпорындардың ашылуы жаңа жұмыс орындарымен қатар салық түсімдерінің өсуіне және өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді , - деді Тарбағатай ауданының әкімі.


Рекомендовать
Последние новости