Тәліптер Тәжікстанмен шектесетін ауданға содырларын жіберген

Dalanews 19 окт. 2021 08:04 911

"Талибан" қозғалысы 130 содырын Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Шахрибузург уезіне жіберді. Бұл туралы Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп хабарлады. Шахрибузург Тәжікстандағы Шамсиддин Шохин ауданымен шектеседі.

Дереккөздің мәліметінше, тәліптер онда "Ансоруллах" тобының содырлары мен Душанбеде халықаралық іздеу салынған "тәжік тәліптері" жіберілген.

– Махди Арсланның 130 содыры Файзабадтан Шахрибузургқа жіберілді. Тәліптердің 70 адамнан тұратын тағы бір тобы Шугнанға жайғастырылды, – деді Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономды облысының шекара басқармасының өкілі.

Шахрибузургда содырлардың көбейгенін Ауғанстанның бұрынғы әскери қызметкерлері де растайды.

– Бір күн бұрын Шахрибузургтағы жігіттермен сөйлестім. Олар "қонақтар" келгенін айтты. Мен кімдер деп сұрамадым. Олардың сөздеріне қарағанда, содырлар өте көп, – деді ол.

"Талибан" содырлары бір айдан бері Ауғанстанның Бадахшан провинциясында әскери жаттығу өткізіп жатқаны жөніндегі видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Рекомендовать
Последние новости