Талдықорғанда шенеуніктер белгісіз көшелерді "жөндеуге" қыруар қаржы жұмсамақ болған

Көркем Алдабергенова 27 февр. 2024 10:09 2222

Талдықорғанда құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған.

 


Рекомендовать
Последние новости