"Суицид болуы мүмкін": Белгілі қазақстандық аспаз көз жұмды

Қаракөз Амантай 02 окт. 2024 11:06 5377

Танымал қазақстандық аспаз Бага "Демалыс" көз жұмды. Алдын ала болжамға сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Полицейлер әзірге ресми ақпарат таратқан жоқ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға туралы қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.  

"Міне, осы өмірді сүріп келесің... Иманды бол, Бага "Демалыс". Сен шынымен бәрімізге мереке сыйладың", – деп жазды Бейсекеев.

Ал бас аспаздың парақшасындағы жазылушылар оған жаппай көңіл айтып жатыр. Әлемжелідегі деректерге сүйенсек, бұл суицид болуы мүмкін деген болжам бар.

Бага "Демалыс" инстаграм парақшасындағы соңғы жазбасын 23 сағат бұрын жариялаған.

Айта кетейік, Бага "Демалыс" - атақты аспазшы. Көпшілікке түрлі кештерді,  кейтингтерді және үйдегі кешкі ас мәзірін ұйымдастырушы ретінде белгілі. 6 шілдеде ол 28 жасқа аяқ басқан болатын. Туған күні қарсаңында аспазшы өз өміріне байланысты жазба жариялаған еді.

"Міне, 28 жасқа толдым! Мен шаршадым. Бұған дейін түрлі тапсырыстарға, жобаларға, махаббатқа жан-тәніммен берілдім. Енді өзімді қолға алып, денсаулық жағдайым мен психологияма мән бергім келеді", - деп жазды ол.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Алматыда екі оқушы қыз терезеден құлап қаза тапқан еді.

Осыдан кейін басқа балаларда шатырдан жаппай секіріп жатыр деген қауесет тарады. Бірақ Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сол күні Алматы қалалық білім басқармасы оқиғаның мән-жайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

Қайтыс болғандардың бірі қазақстандық белгілі экологтың қызы болып шықты.


Рекомендовать
Последние новости