Қазір Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр,– деп хабарлайды Dalanews.kz
Осыған байланысты өзендер мен гидротехникалық нысандардың жағдайы тәулік бойы бақылауда. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тасқынға шараларды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өз бақылауында ұстауда.
"Тепличное ауылында елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс бөгетін нығайту бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде. Бұл жұмыстар түнде де жалғасты. Оған Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық гвардия және жергілікті атқарушы органдардың 900-ден астам қызметкері жұмылдырылған. Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда", - деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.