Созақ ауданында ауыл көшелеріне асфальт төселіп, жарықшамдар орнатылып жатыр

Dalanews 23 авг. 2024 09:20 1700

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Сызған ауылына арнайы барып, 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне салынып жатқан жолдың құрыс-жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ елді мекенде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту жұмыстарын да бақылады. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен тілдесіп, алда атқарылар жоспарларымен бөлісті.

Сонымер қатар, биыл КХ-110 “Мардан-Қозмолдақ-Сызған” облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүреді. Ал Жуантөбе ауылында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ.Омарұлы мен Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұыстары жүруде. Осылайша ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі оң шешімін тауып, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылады. Сондай-ақ, ауылдың ішкі көшелеріне де биыл толық жарықшамдар орнатылады.


Рекомендовать
Последние новости