Смайылов бастаған аудиторлар шенеуніктерді шетінен жауапқа тартып жатыр

Сағыныш Сардарова 13 нояб. 2025 12:02

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауын орындамағаны үшін 18 лауазымды тұлға және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 қазандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін:

  • Ұлытау облысы әкімінің орынбасары;
  • Түркістан қаласы әкімінің орынбасары;
  • Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары;
  • Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ, "Семей" ӘКК" АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, жекелеген министрліктердің департамент директорларына және т.б. әкімшілік жаза қолданылды.

4 заңды тұлға да жауапкершілікке тартылды. Олар: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Қызылорда облысы әкімінің аппараты.

Одан бөлек Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамауына байланысты Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әкімдіктеріне қатысты сотқа талап қою бастамасы көтерілген.


Рекомендовать
Последние новости